alem
болашақ мектебі

Ұқсас адамдар тобында
кәсіби бағдарламашы болыңыз.
Алға!

Сабақ жоқ. Мұғалім жоқ. Баға жоқ.

Оқу үдерісі замануи жобалар жасауға және топтық жобаларды жүзеге асыруға негізделген.

teamwork
holygraph

Уақыт шектеуі жоқ.

Кез келген саладағы жобаны өзіңіздің қарқыңызға сай жасасаңыз болады. Мектеп 24/7 ашық - бұл сізге өз уақытыңызды меңгеруге жәрдем етеді.

Сіз өзіңіздің табысыңызға өзіңіз жауаптысыз.

Сіздің оқуыңызға керек жағдайлармен қамтамасыздандыру үшін біз: оқу мен жатақхананы тегін, талантты студенттердің қауымдастығын, керемет оқу жоспарын жасаудамыз.

self motivation
dashed path
Бізбен бірге

Өз уақытыңызды басқарыңыз

Сыни ойлауды үйреніңіз

Жарқын адамдардың тобында жұмыс істеңіз

Өз болашағыңызды өзіңіз құрыңыз

Сиқыры неде?

1. Оқу барысы тегін

Тегін білім беру және академиялық талаптардың жоқтығы әлеуетті студенттердің мүмкіндіктерін барынша арттыруға мүмкіндік береді. Қатаң іріктеу олардың ең жақсысын таңдауға мүмкіндік береді.

2. Peer learning әдісі

Дарынды адамдармен танысу және бірге оқу сізге кәсіби дамуға көмектеседі. Тек білімді ғана емес, жан-жақты адамдармен пікірлесе аласыз!

3. 100% тәжірибе

Біз академиктерді дайындамаймыз, біз тәжірибеші мамандарды дайындаймыз. alem-дегі оқу барысында middle-ден senior маманына дейінгі деңгейге апарарлық жобаларды жасайсыз.

4. Жұмыспен қамтамасыз ету

Біз сіздерге тек топта жұмыс істеуді және бағдарламалауды үйретіп қана қоймай, мансапты бастау үшін дұрыс компанияны таңдауға көмектесеміз.

Қалай оқуға түсуге болады?

1

Тіркелу

Тіркелу

2

Онлайн сынақ

Жоғары әлеуеті бар адамдарды анықтайтын онлайн ойынды аяқтаңыз.

3

Сұхбат

Мектеп әкімшілігімен жеке кездесуге келіңіз, өзіңіз және уәждемеңіз туралы айтып беріңіз.

4

Бассейн

Үміткерлердің ішінде үздігін анықтау үшін 4-апталық қарқынды бағдарламаны аяқтаңыз. Өзін жақсы көрсеткен студенттерді іріктейміз.

Тіркелу
Сұрақ / жауап

alem-ге түсу үшін қандай талаптар қойылады?

Сіздің жасыңыз 18-ден 35 жасқа дейін болуы керек.

«Бассейн» дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Бассейн - 4 апталық іріктеу процессі, оның барысында студенттер Go бағдарламалау тілін қарқынды үйреніп, командалық жолмен (bash) жұмыс істейді. Бассейн нәтижесі бойынша сіз әрі қарай оқу әдістемесі сізге қаншалықты сәйкес келетінін білесіз.

«Бассейн» қалай өтеді?

Мектеп тәулік бойы ашық және мұғалім мен лекциясыз жұмыс істейді. Оқушылар кез-келген ыңғайлы уақытта оқи алады. Төрт апта бойы студенттер кішігірім жобаларды жүзеге асырады, қорғайды және басқаларды сынайды.

alem-дегі оқуды басқа оқумен / жұмыспен біріктіру мүмкін бе?

Ия, мүмкін, бірақ оқуға аптасына кемінде 40 сағат жұмсауға кеңес береміз. Сонымен қатар, бассейнге бір айды толығымен беруіңізді ұсынамыз.

Мектепке қалай баруға болады? Экскурсиялар бар ма?

Біз сіздерді мектебіміздің ресми ашылуынан кейін көруге қуаныштымыз. Электрондық пошта арқылы hi@alem.school хабарлассаңыз болады.

alem-де оқуға қанша уақыт жұмсауым керек?

Әрбір студент өзінің қарқынында үйренуге құқылы. Мектепке неғұрлым көбірек уақыт бөлсеңіз, соғұрлым тезірек аяқтайсыз. Аптасына кем дегенде 40 сағат оқуыңызды ұсынамыз.

Мен қашықтан оқи аламын ба?

Жоқ, оқу коллаборативті болғандықтан, мектеп алаңында болуыңыз тиісті.

Сіз студенттерге жатақхананы қамтамасыз етесіз бе?

Ия, alem-де студенттердің ыңғайлы оқуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тырысамыз. Бассейнді толығымен бітіріп, оқуға түскен студенттерге жатақхана беріледі.

Оқушылар alem-ді бітіру құжатын алады ма?

Ия, студенттерге alem мектебінің және француздық 01 мектебінің сертификаты беріледі.

Тіркелу үшін менің дипломым жеткілікті ме немесе бассейннен өтуім керек пе?

Бассейнге түсу үшін бағдарламалауда қарқынды білімнің қажеті жоқ! Сіз мектептегі немесе университеттегі тәжірибеңізге қарамастан қатыса аласыз.

Егер мен ағылшынша сөйлемесем, бассейнде “жүзе“ аламын ба?

Әрине, бірақ ағылшын тілін білу артықшылық болады. Бассейн француз және ағылшын тілдерінде қол жетімді.

Неліктен жоба тегін? Инвесторлар кім?

Umit Fund қоры Орталық Азия аймағында alem мектебін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған және Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген. Бұл жеке қордың миссиясы - жастарға мүмкіндік беру. Umit Fund қоры бағдарламалау саласындағы таланттарды табу және ашу мақсатында білім беру жобаларына қаражат бөледі.

alem жұмысқа орналасуға көмектеседі ме?

Студенттер мен компания арасындағы қарым-қатынасты барынша жеңілдетіп, студенттің жұмысқа орналасуына көмек береміз.

Тест тапсыру кезінде қандай деңгейге жетуім керек?

Керек студентті іріктеу автоматтандырылған жүйемен жүзеге асырылады. Оның мақсаты - әр оқушының әлеуетін бағалау. Студенттердің мүмкіндігі әр түрлі болғандықтан, олардың деңгейлері әртүрлі болады.

alem-де оқу қанша уақытқа созылады?

Оқу мерзімі әр студенттің өзіне байланысты. Бірақ біздің есептеулеріміз бойынша орта есеппен толық курсты аяқтау екі жылға созылады.

Шетелдіктер мектепке бара ала ма?

Иә, әрине. Бірақ біз визалық қолдау көрсетпейміз.

Мен ноутбугымда мектептен тыс жерде оқи аламын ба?

Жоқ, бірақ студенттер мектептен тыс жерде топтық жобаларын талқылай алады.

Әр түрлі оқу бағытын оқи аламын ба?

Иә, әрине. Оқу бөлімдері туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз

01 оқыту жүйесі деген не?

01 Edu жүйесі - Николя Садирактың тобымен жасалған оқу әдісінің төртінші буыны. Олардың мақсаты - әлемдегі шығармашылық бағдарламалаушылардың тапшылығын толтыру. Осындай технологиялық шешімдер Ecole 42, Epitech, web@cademie-de тиімді екендігі дәлелдеді.
alem 01 Edu жүйесінің платформасында жұмыс істейді.

Бассейндер және оқуға іріктеу жыл сайын өткізіле ме?

Мектепке іріктеу процесі алты ай сайын өткізіледі.

Біз туралы не айтады?

I am very happy and proud to collaborate at the creation of this first 01 Edu System coding school in Nur-Sultan. We have designed our platform to empower the new generation of talent that will reshape our societies to meet, through collective intelligence, the world's next challenges. alem school is the perfect partner to succeed this ambitious but essential task.

Николя Садирак
Ecole 42, Epitech, Web-Academy құрушы
01 құрушы, бас директорi

Николя Садирак

Я счастлив, что образовательная платформа 01 открывается в нашей стране! Это возможность быть на передовой технических знаний, вовлечься в топовое ИТ-комьюнити и важный шаг в реализации стратегии Цифрового Казахстана.

Рамиль Мухоряпов
Chocolife холдинг құрушы, бас директорi

Рамиль Мухоряпов

Бүгінгі қоғамда білім, дағдылар соңшалықты тез ескіреді, жаңа тұрпатты мектептерге, білім алаңдарына мұқтажбыз. Alem мектебі адамдарды IT саласына тарту арқылы әлеуметтік тұрғыда қолдауға арналған. Заманауи оқыту технологиялар, инклюзивті тәжірибелер мен әдістер, менторлық бағдарламалар арқылы әр адамды ең сұранысқа иә IT– мамандықтар мен жаңа біліммен қамтамасыз етеді. Өміріңіздегі екінші мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Саясат Нурбек
Umit Fund Басқарма Төрағасы
BTS Digital Білім беру орталығының Басшысы

Саясат Нурбек

С учетом катастрофической нехватки IT кадров в Казахстане и слабым образованием в технических вузах, школа Alem имеет хорошие шансы стать одной из ведущих кузницей программистов. На самом деле, мы, представители IT компании, давно уже ждём такого игрока на рынке.

Олжас Сатиев
ЦАРКА президентi
WebTotem құрушы

Олжас Сатиев

Я думаю, что это одна из возможностей, которую было бы обидно упустить. Научиться кодить быстро, в классной команде и с хорошими возможностями нетворка - это круто!

Алена Ткаченко
Nommi құрушы, бас директорi

Алена Ткаченко

Школа alem станет колыбелью инноваций для Казахстана!

Магжан Мадиев
Naimi.kz құрушы
Astana hub құрушы

Магжан Мадиев

Cеріктестер

01-edu
astana hub

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., EXPO, C4.5